Whirlpool FRR12451 Guide de l'utilisateur Page 7

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 8
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 6
7
KZ
БАҒДАРЛАМАЛАР
Заттардың күтім жапсырмаларындағы нұсқауларды
ұстаныңыз.
ECO COTTON (ЭКО МАҚТА-МАТА)
Орташа ластанған мақта-мата заттар. Су мен қуат
тұтынуды бірге есептеген кезде, мақта-мата заттарды
жууға арналған 40 °C және 60 °C температураларындағы
стандартты әрі ең тиімді бағдарлама.
Қуат белгісіндегі мәндер осы бағдарламаға негізделген.
COTTON (МАҚТА-МАТА)
Орташа ластанғаннан бастап қатты ластанған заттарға
дейін, сондай-ақ төзімді мақта-матадан және зығырдан
жасалған заттар, мысалы, орамалдар, іш киім, асжаулық, т.б.
MIXED (АРАЛАС)
Аз ластанғаннан бастап орташа ластанған заттарға дейін,
мақта-матадан, зығырдан, жасанды талшықтардан және
олардың қоспасынан жасалған заттар. 1 сағаттық бағдарлама.
SYNTHETICS (СИНТЕТИКА)
Жасанды талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил,
вискоза, т.б.) немесе олардың мақта-матамен араластырылған
қоспаларынан жасалған, орташа ластанған заттар.
DELICATES (НӘЗІК ЗАТТАР)
Нәзік күтімді қажет ететін нәзік маталардан жасалған заттар.
WOOL (ЖҮН)
Woolmark белгісі бар және кір жуғыш машинада жууға
болатын деп белгіленген жүн заттар, сондай-ақ қолмен жууға
болатын деп белгіленген, жібектен, зығырдан, жүннен және
вискозадан жасалған маталар.
SHIRT/BUSINESS (ЖЕЙДЕ/КЕҢСЕ КИІМІ)
Мақта-матадан, синтетикадан немесе олардың қоспасынан
жасалған жейделер, блузкалар және басқа әсем кеңсе киімдері.
WHITES (АҚ ТҮСТІ КИІМДЕР)
Орташадан бастап қатты ластанған заттарға дейін, төзімді
мақта-матадан және зығырдан жасалған орамалдар, іш киім,
асжаулық және төсек орын бұйымдары, т.б.
90°C температурасы таңдалған кезде ғана циклде негізгі
жуу кезеңінен бұрын алдын ала жуу кезеңі болады. Мұндай
жағдайда жуғыш затты алдын ала жуу бөлігіне де, негізгі жуу
бөлігіне де қосқан жөн.
COLORS (ТҮРЛІ-ТҮСТІ КИІМДЕР)
Аздан бастап орташа ластанған заттарға дейін, мақта-
матадан, синтетикадан немесе олардың қоспасынан жасалған
заттар; сондай-ақ нәзік заттар. Түстерді сақтауға көмектеседі.
JEANS (ДЖИНСЫ)
Орташа ластанған мақта-мата джинсы және шалбар
мен кеудеше сияқты джинсыға ұқсас қатты материалдан
жасалған киімдер.
SPORT (СПОРТТЫҚ КИІМДЕР)
Мақта-мата трикотаждан немесе микроталшықтардан
жасалған, орташа ластанған және тер сіңген спорттық
киімдер, алдын ала жуу циклін қамтиды, алдын ала жуу
камерасына да жуғыш зат қосуға болады. Кондиционер
қолдануға болмайды.
BABY ITEMS (НӘРЕСТЕ ЗАТТАРЫ)
Мақта-матадан және/немесе зығырдан жасалған, орташа
ластанған нәресте киімдері. Көбіктер толығырақ кетіріледі,
ол сезгіш нәресте терісін қорғауға көмектеседі.
BED LINEN (ТӨСЕК ОРЫН БҰЙЫМДАРЫ)
Мақта-матадан және синтетикалық талшықтардан не
олардың қоспасынан жасалған ақ түсті немесе түрлі-түсті
төсек орын бұйымдары.
DUVET (КӨРПЕ)
Ұйықтау дорбалары, жуылатын төсек жаймалар, ванна
кілемшелері, жастықтар және мамық не синтетикалық
материал салынған көрпелер сияқты үлкен заттар.
BATH/KITCHEN CARPETS (ВАННА/АС ҮЙ КІЛЕМШЕСІ)
Кірді жақсы кетіретін, кілемшелерді жууға арналған цикл.
CURTAINS (ПЕРДЕЛЕР)
Бұл циклді перделерді жуу үшін қолданыңыз. Нәзік киімдерді
жууға арналған арнайы жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
TOWEL/BATH ROBES (ОРАМАЛ/ХАЛАТТАР)
Орташа ластанғаннан бастап қатты ластанған заттарға
дейін, төзімді мақта-матадан және зығырдан жасалған
заттар, мысалы, орамалдар, халаттар.
PETS STUFF (ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ЗАТТАРЫ)
Үй жануарларының заттарынан жануардың түктерін кетіруге
қолайлы.
GARDENING/OUTDOOR (БАУ-БАҚША КИІМІ/КӨККЕ
ШЫҚҚАНДА КИЕТІН КИІМ)
Аса кір киімдерді (мысалы, топырақты не шөп іздерін)
жақсылап жууға арналған бағдарлама.
BATHING SUITE (ЖУЫНҒАНДА КИЕТІН КИІМДЕР)
Кір жуғыш машинада немесе қолмен жууға болатын деп
белгіленген жуынғанда киетін киімдер.
SPIN (СЫҒУ)
Бөлек қарқынды сығу бағдарламасы. Төзімді заттарға арналған.
RINSE & SPIN (ШАЮ ЖӘНЕ СЫҒУ)
Бөлек шаю және қарқынды сығу бағдарламасы. Төзімді
заттарға арналған.
DRAIN (АҒЫЗУ)
Сықпай, суды ағызуға арналған бөлек бағдарлама.
ОПЦИЯЛАР
Таңдалған бағдарламаға қатысты опциялардың бар-жоғын
Бағдарламалар кестесінен қараңыз
Опциялар түймесін басу арқылы таңдауға болатын
ОПЦИЯЛАР
Prewash (Алдын ала жуу)
Таңдалған жуу бағдарламасына алдын ала жуу кезеңін қосу
арқылы қатты ластанған заттарды тазалауға көмектеседі.
Бағдарламаны 20 минутқа созады. Алдын ала жуу кезеңіне
жуғыш зат қосу үшін
6th Sense мөлшерлеу функциясын қолдану керек.
Fresh Care
Бағдарлама аяқталғаннан кейін заттарды шығарып
алу мүмкін болмаған жағдайда заттардың иістенбеуін
қамтамасыз етуге көмектеседі. Кір жуғыш машина
пайдаланушы таңдаған жылдамдықпен қысқа сығу
кезеңімен аяқтап, бағдарлама аяқталғаннан кейін заттарды
уақ-уақ аздап айналдырып тұрады. Осы айналдыру жуу
бағдарламасы аяқталғаннан кейін шамамен 6 сағат
орындалады. Экрандағы түймені басып, оны кез келген
уақытта тоқтатуға болады; есіктің құлпы ашылып, заттарды
шығарып алу мүмкін болады.
Soil Level (Ластану деңгейі)
Дақтарды кетіруге арналған қоспалардың тиімділігін
оңтайландыру арқылы қатты ластанған, дақ түскен заттарды
тазалауға көмектеседі.
Extra Rinse) Бірнеше рет шаю
Шаю кезеңін созу арқылы заттарда жуғыш зат
қалдықтарының қалмауын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Нәресте заттарын жууға, аллергиясы бар адамдарға және
суы жұмсақ аймақтарға әсіресе қолайлы.
Easy Iron) Оңай үтіктеу
Тыртысқан жерлердің пайда болуын азайтуға көмектеседі.
Жуу процесі мен циклдер өзгертіледі.
Vue de la page 6
1 2 3 4 5 6 7 8

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire