Whirlpool FRR12451 Guide de l'utilisateur Page 3

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 8
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 2
KZ
3
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛЫ
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Бағдарламаны таңдау және іске қосу жолы туралы
ақпарат алу үшін КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ бөлімін қараңыз.
АЛҒАШҚЫ ЦИКЛ
Кір жуғыш машинаны токқа қосқан кезде, ол автоматты
түрде қосылады. Сізден қалаған дисплей тілін орнату
сұралады.
Қалаған тілді таңдау үшін ЖОҒАРЫ не ТӨМЕН түймесін
басып, одан кейін ОК түймесімен таңдауды растаңыз. Одан
кейін жуғыш зат диспенсерінің 2-контейнерінде
кондиционерді не жуғыш затты қолданатыныңызды
анықтаңыз (6th Sense дәл мөлшерлеуі). Өндіру процесінен
қалған заттарды кетіру:
90°C температурасындағы “Мақта-мата +
залалсыздандыру” бағдарламасын таңдаңыз
Жуғыш зат диспенсерінің қолмен мөлшерлеу бөлігіне
тиімділігі жоғары жуғыш заттың аз мөлшерін қосып (аз
кірленген заттар үшін жуғыш зат өндірушісі ұсынған
мөлшердің ең көбі 1/3 бөлігі), Автоматты түрде
мөлшерлеу түймелерін басыңыз (осы түймелердің
жарығы сөніп тұруы керек)
Бағдарламаны ешқандай зат салмай іске қосыңыз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ МӨЛШЕРЛЕУ ФУНКЦИЯСЫ
Кір жуғыш машинаның жуғыш зат диспенсері сұйық жуғыш
зат пен кондиционерді автоматты түрде құюға арналған екі
контейнерлі жүйемен жабдықталған.
Осы функцияны қолданудан бұрын, төмендегілер үшін
ПАРАМЕТРЛЕР ішіндегі нұсқауларды орындаңыз:
2-контейнердегі затты орнату. Әдепкіде 1-контейнер
жуғыш затты құйылатын (негізгі жуғыш зат), ал 2-контейнер
кондиционер құйылатын етіп орнатылады. Кондиционер
қолданбасаңыз, 2-контейнерді де жуғыш затқа орнатыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛЫ
1. КІРЛЕРДІ САЛУ
• Кірлерді “АҚЫЛ-КЕҢЕС” бөліміндегі ұсыныстарға сәйкес
дайындаңыз.
• Ілгектер мен түймелер тағылғанына және баулар
байланғанына көз жеткізіңіз.
• Есікті ашып, кірлерді салыңыз. Бағдарламалар кестесінде
көрсетілген рұқсат етілген максималды жүктемені сақтаңыз
2. ЕСІКТІ ЖАБУ
• Есік шынысы мен резеңке тығыздағыш
арасына ешқандай зат қысылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Есікті жабылғанын білдіретін дыбыс
естілгенше жабыңыз.
3. СУ ШҮМЕГІН АШУ
• Кір жуғыш машина су құбырына жалғанып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су шүмегін ашыңыз
4. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ҚОСУ
• Қосу/өшіру түймесін басыңыз. Анимация
көрсетіліп, дыбыс шығады. Соңғы болып
қолданылған бағдарлама көрсетіледі. Одан кейін
кір жуғыш машина қолданылуға дайын болады.
5. ҚАЛАҒАН ЖУЫЛАТЫН ЗАТТЫ ОРНАТУ
Temperature
30°C
Soil Level Spin Speed
1000 rpm
What to Wash
COLORS
How to Wash
NORMAL
4:28
1:58
Басты экранның “Жуылатын зат” аймағын түртіп, жуылатын
заттарға ең тиісті бағдарламаны таңдаңыз. Барлық
варианттарды көру үшін саусағыңызбен тізімді төмен
жылжыту керек болуы мүмкін. Басты экранға оралу үшін
қалаған бағдарламаны түртіңіз.
Заттарды жуу үшін қолданылатын ең тиісті бағдарламаны
таңдау үшін экранның “Жуу жолы” аймағын түртіңіз. Барлық
варианттарды көру үшін саусағыңызбен тізімді төмен
жылжыту керек болуы мүмкін. Басты экранға оралу үшін
қалаған бағдарламаны түртіңіз.
6. ТЕМПЕРАТУРАНЫ, ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН ЖӘНЕ СЫҒУ
ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
Temperature
30°C
Soil Level Spin Speed
1000 rpm
What to Wash
COLORS
How to Wash
NORMAL
4:28
1:58
Басты экранның “Температура” аймағын түртіп, 5-қадамда
таңдалған циклде/бағдарламада қолдануға болатын
Температура параметрлерін көрсетіңіз. Қалаған параметрді
түртіп, сол параметрді растау үшін OK түймесін басыңыз.
Экранның “Сығу жылдамдығы” аймағын түртіп, 5-қадамда
таңдалған циклде/бағдарламада қолдануға болатын Сығу
жылдамдығы параметрлерін көрсетіңіз. Қалаған параметрді
түртіп, сол параметрді растау үшін OK түймесін басыңыз.
Экранның “Ластану деңгейі” аймағын түртіп, 5-қадамда
таңдалған циклде/бағдарламада қолдануға болатын
деңгейді көрсетіңіз. Қалаған параметрді түртіп, сол
параметрді растау үшін OK түймесін басыңыз.
7. ОПЦИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ
Vue de la page 2
1 2 3 4 5 6 7 8

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire